«Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Бұлақсай ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
 «Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы бойынша білім бөлімі Бұлақсай ауылының №1 жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Біз әлеуметтік желідеміз

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Бұлақсай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ЖАРҒЫСЫ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ

1.1. «Бұлақсай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – коммуналдық мемлекеттік мекеме) мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық үлгісінде білім беру қызметін атқаруға құрылған заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

1.2.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы мемлекеттік мекеменің құрылуы туралы шешімді қабылдаған Ақмола облысы, Аршалы ауданының әкімдігі болып табылады, сонымен бірге оған қатысты мемлекеттік меншік құқық субъектісінің қызметін жүзеге асыратын (бұдан әрі - өкілетті орган) өкілетті органы – «Аршалы ауданының білім бөлімі» ММ болып табылады. 

1.3.Коммуналдық мемлекеттік мекеменің толық ресми атауы - «Бұлақсай орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан  әрі мәтін бойынша- коммуналдық мемлекеттік мекеме).

1.4. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің заңды мекен-жайы: Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Бұлақсай ауылы, С.Сейфуллин көшесі 5Б.

      

 

      

2. КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ ЗАҢДЫ МӘРТЕБЕСІ

2.1. Коммуналдық мемлекеттік мекеме мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды тұлғаның құқығына иеленеді. 

2.2. Коммуналдық мемлекеттік мекеменің мемлекеттік және орыс тілінде ресми атауы жазылған өз мөрі мен мөр таңбасы, өз балансы, шығыс сметасы, штат кестесі, банк есепшоттары бар, заңнамаға сәйкес мүлікке ие және иелік құқығы ретінде қарамағындағы мектептің ақша қаражаттары мен мүлігіне өз міндеттемелері бойынша жауап береді.

Заңды тұлға ретінде мектеп өз атынан мүліктік және жеке құқықтарды алуға және оларды жүзеге асыруға, міндет алуға, сотта жауапкер және талапкер болуға құқылы.

2.3. Белгіленген тәртіпте мемлекеттік меншікті иеленуге, қолдануға, басқаруға құқық берілген басқа мекемелерге қарағанда, коммуналдық мемлекеттік мекеме өз бетінше мекеме құра алмайды және басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы (қатысушысы) бола алмайды. 

2.4. Коммуналдық мемлекеттік мекеме оперативті басқару құқығы негізінде берілген жеке мүлікке ие, өзінің міндеттемелері бойынша қарамағындағы ақша қаражаттарына жауап береді. Келісім шарттағы міндеттемелер бойынша, мектеп жауапкершілікке мектепті қамтамасыз ету бойынша бекітілген смета шеңберінде ие болады. Мекемеде ақша жеткіліксіз болған жағдайда, оның міндеттемелері бойынша Құрылтайшы жауап береді. 

2.5. Мектеп Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес өзге де оқу және білім-әдістемелік орындарымен оқу-ғылыми-әдістемелік және өндірістік бірлестіктерді, шағын орталықтарды, ассоциацияларды құру жөнінде келісімдер жасай алады.

2.6. Жобалық және өзге ұйымдық мекемелердің бірлескен іс-әрекетті жүзеге асыруға негіз – ол Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес  Мемлекеттік білім бағдарламасын жүзеге асырушы қатысушыларының бірлескен іс-әрекеттері туралы келісім болады. 

 

3. КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ МАҚСАТЫ

3.1. Мектеп өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері мен өзге де заңдарын, билік атқарушы және барлық деңгейдегі білім басқару органдарының нормативтік-құқықтық актілерін басшылыққа алады.

3.2. Мемлекеттік стандартқа сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді;

3.2. Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты:

- оқушылардың өзгеріп тұратын әлеуметтік-экономикалық жағдайларға бейімделуге мүмкіндік бере алатын білім алуларына;

-білім мазмұнын гуманизациялау арқылы, оқушыларды азаматтыққа, отан сүйгіштікке, қоршаған ортаны, жанұясын сүюге тәрбиелеу, салауатты өмір салтын тұрақтандыру арқылы жалпы, интеллектуалды, өнегелі даму идеяларын іске асыру;

- мектеп мүліктерінде саналы т.рде таңдау жасау және кәсіптік жалпы білім бағдарламаларын меңгеру негіздерін қалау;

3.3.  Мектеп оқушыларына медициналық қызметті штаттық және денсаулық қорғау органдарымен  бекітілген медициналық персонал көрсетеді. Оның жұмысына қолайлы жағдай жасауға, медициналық бөлме бөлуге білім беру ұйымының құрылтайшысы жауапты.

3.4. Оқушыларды тамақтандыру мектеп немесе қоғамдық тамақтандыру ұйымдарымен жасалған келісімшарт негізінде ұйымдастырылып, арнайы бөлінген  бөлмеде жүзеге асырылады.

3.5. Мектеп қабырғасында ұйымдастырылған құрылымдар мен саяси партиялардың, қоғамдық-саяси және діни қозғалыстар мен ұйымдардың құрылуына және олардың қызмет етуіне жол берілмейді.

 

4. ОҚУ-ТӘРБИЕ ПРОЦЕССІНІҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ

4.1. Мектептің білім беру мазмұны жалпы орта білім беру Бағдарламасы негізінде құрылып, мыналарды қамтамасыз етеді; 

- оқыту мақсатын, мазмұнын, ұйымдастыруын және технологиясын тұлғаның жалпы мәдени дамуына бағыттау, тұлғаның дүниетанымын және гуманистік санасын қалыптастыру;

- шетел тілдерін оқыту және дене бітімін жетілдіру - тұлғаның мәдени және ғылыми потенциалы мен оның жан-жақты даму шарттарының бірі болып табылады.  

4.2. Білім мекемесінің оқу-тәрбие  іс-әрекеті білім берудің мемлекеттік жалпы бiлiм беру стандарттары негізінде әзірленген оқу бағдарламалары мен жоспарларға сәйкес жүзеге асырылады.  Мектеп  мынадай  оқу бағдарламаларды іске асырады: мектепке дейінгі білім беру, мектепалды даярлық, бастауыш, жалпы, негізгі жалпы және орта жалпы білім.
4.3. Мектептің білім беру моделі Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері мен өзге де заңдарын, билік атқарушы және барлық деңгейдегі білім басқару органдарының нормативтік-құқықтық актілері негізінде құрылады.

4.4. Мектептің 5 сатысы бар:

- мектепке дейінгі шағын орталық;

- мектепалды мектеп;

- 1-4- сынып – бастауыш;

 - 5-9-сынып – негізгі;

- 10-11-сынып – орта.

Мектепке дейінгі шағын орталықтың негізгі міндеттері:

-балаларды ерте жастан әлеуметтендіруін қамтамасыз ету;

-әр баланың жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін есепке ала отырып, олардың ақыл-ой, адамгершілік, дене бітімі, эстетикалық, эмоциялық, танымдық қабілеттерін дамыту;

-балалардың денсаулығын сақтау;

-балаларды күту, қарауды ұйымдастыру;

-балалардың дамуындағы ауытқуларды уақытында түзеу;

-ата-аналарға педагогикалық-психологиялық кеңес беру.

Мектепалды негізгі функциясы:

- үлкен мектепке дейінгі балаларға- пәндік-дамыту ортасын қалыптастыруға қолайлы мүмкіндік беретін аса маңызды негізгі құзыреттіліктерді құру;

- тәжірибелік тәжірибесін қалыптастыру , танымдық, шығармашылық және  балалар басқа да түрлері;

- Қазақстанның мәдени-тарихи салт-дәстүрлерін, патриоттық жалпы адамдық, мәдени және адамгершілік құндылықтардың негізінде  бойына қалыптастыру;

- ұлтаралық қатынас мәдениетін қалыптастыру, -полиэтникалық және полимәдени мегаполисте тәрбиеленушілердің ұжым үдерісіндегі маңызды буын болып табылатын  ұлтаралық қарым-қатынас;

- отбасының әлеуетін пайдалану , мектепке дейінгі тәрбиелеу және   мақсатында баланың рухында жалпыәлемдік және жалпыұлттық құндылықтарын  дамыту;

-   әрбір баланың және оларды одан әрі дамыту мақсатында табысты өзін-өзі анықтау, өзін-өзі білдіру және өзін-өзі тез өзгермелі жағдайда өмір сүру тұлғалық сапасы жетілдіру;

-  баланың кеңістіктің толыққанды қолайлы дамуы үшін физикалық дамуы мақсатында салауатты өмір салтын қалыптастыру;

-әр баланың зияткерлік қабілетін, шығармашылық әлеуетін дамыту;

Бастауыш сатының негізгі қызметі - балаларды халық педагогикасының үлгілі дәстүрлері негізінде және ұлттық психология ерекшеліктерін еске ала отырып тәрбиелеу, оларға халқының рухани байлығын дарыту, сондай-ақ ана тілінде оқыту негізінде оқушылардың ойлау, сөйлеу және жазу іс-әрекет дағдыларын максималды түрде қалыптастыру.

Негізгі сатының негізгі қызметі – жалпы негізгі білім беруді қамтамасыз ету. Сонымен бірге дәстүрлік пәндік құрылым сақталады.

Орта сатының негізгі қызметі – орта мектеп туралы мемлекеттік бағдарламардың жалпы ережелері негізінде мектеп жасындағы балалардың оқытуын  ұйымдастыру.    

4.5. Коммуналдық мемлекеттік мекемеде оқу күндізгі, экстерн түрінде жүзеге асырылады.

  1. Жеті - он сегiз жастағы науқас (мүгедек), денсаулығына байланысты себебті мектепке бара алмайтын 1-11сынып оқушылары жеке үйде оқытуымен  қамтамасыз етіледі.

4.7. Оқыту мемлекеттік тілде жүргізіледі.

4.8. Әр сыныптағы сағат саны базистік оқу жоспарынан таңдалып алынған вариантқа сәйкес белгіленеді.

4.9. Оқушылардың жалпы білім беруді тереңдету және олардың таңдаулары бойынша қабілеттері мен қызығушылығын жан-жақты дамыту мақсатында, ата-аналардың қалауынша ақылы келісімшарт негізінде оқытылатын ұзартылған күн топтарын, жазғы сауықтыру лагерлерін, балаларды мектепалды даярлау топтары мен өзге де білімдік-тәрбиелік топтарын ашуға мектеп құқылы. Олардың қызмет тәртібі директор мен  мектептің ата-аналар  комитетімен келісілген құқықтық актісімен белгіленеді.

4.10. Емтихан мен каникулдарды қоса алғанда, оқу жылының басталуы мен аяқталуы Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігінің бұйрықтары мен оқу жоспарлары негізінде белгіленеді.

Оқушылардың оқу режімі:

1) оқу жылы бірінші қыркүйектен басталады және оқу жоспарына сәйкес аяқталады;

2) оқу жылының, оқу аптасының және демалыстардың мерзімін жетекші бекіткен жылдық оқу тізбесіне сәйкес мемлекеттік басқару органы белгілеп бекітеді;

3) оқу жылының ұзақтығы 34 апта, оқу жылында күнтізбемен 30 күн демалыс беріледі, ал жазғы демалыс 10 апта. Дайындық топтары мен бірінші сынып оқушыларына қосымша 1 апта демалыс беріледі;

4) мектепке дейінгі шағын орталықта жұмыс күні бес күндік

    1-11 сыныптарға оқу аптасы бес күндік;

5) сабақтың рет-тәртібі, сабақтардың уақыты және олардың арасындағы үзілістерді, сабақ кестесіне және күн режіміне сәйкес мектеп директоры  бекітеді.

4.11. Коммуналдық мемлекеттік мекемеде нәсiлдiк, этностық, дiни, әлеуметтiк ымырасыздық пен айрықшылықты насихаттауға, милитаристiк және де халықаралық құқық пен iзгiлiктiң жалпыға танылған принциптерiне қайшы келетiн өзге де идеяларды насихаттауға тыйым салынады.

4.12. Мектеп оқушыларымен жасалған келісімшарт негізінде жергілікті

тұрғындар мен кәсіпорындарға, мекемелер мен ұйымдарға, жалпы білім беру бағдарламаларымен қарастырылған қосымша ақылы қызметтер көрсете алады. Атап айтқанда, Мектеп :

- пән бойынша оқу жоспары мен  бағдарламада қарастырылған   сағаттардан  артық пәндердің оқытылуын ұйымдастыруға;

- оқу жоспарында қарастырылғандай, тәртіпті қадағалауға;

- оқушылармен жаттықтыру жүргізуге;

- таңдау бойынша үйірмелер және курстарды ұйымдастыруға;

- балаларға қосымша білім беру үшін факультатив, мектеп, топ студияларын

ұйымдастыруға;

- дамуында ауытқу бар балалар үшін мектепке даярлау оқу топтарын ұйымдастыруға;

- ата-аналар комитетінің шешімімен келісілгендей спорт, дене шынықтыру

секциялары мен клубтарды құруға құқылы. Жұмыс режимін мектептің Педагогикалық кеңесі бекітеді, оның орындалуын мектеп әкімшілігі қадағалайды яғни мектептің Ата-аналар  комитетіне көрсетіліп жатқан қызметтің сапасы туралы есеп береді.

4.13.  Білім беру мекемесінде шағын орталықты ұйымдастыруға болады, оның жұмыс тәртібін Қазақстан Республикасының нормативтік құжаттарына сәйкес анықтайды.

4.14. Мектеп оқушыларын тамақтандыру Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдеріне, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына және өзге де заңдарға, билік атқарушы және барлық деңгейдегі білім басқару органдарының нормативтік-құқықтық актілері негізінде ұйымдастырылады.

 

 

 

5.ОҚУШЫЛАРДЫҢ АРАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАЦИЯСЫН, АҒЫМДАҒЫ ТЕКСЕРУДЕН ӨТКІЗУ ЖҮЙЕСІ, ФОРМАСЫ ЖӘНЕ ӨТКІЗУ РЕТІ:

5.1. 2-11 сыныптарда әр тоқсанның соңында, бірінші сыныпта  үшінші тоқсаннан кейін аралық бағалар қойылады,  ал тоқсандық бағалар бойынша жылдық бағалар қойылады;

5.2. Аралық және қорытынды аттестаттау кезінде оқушылардың білімі      «5» балдық жүйе бойынша бағаланады: 5 - «өте жақсы», 4- «жақсы»,            3- «қанағаттандырарлық»,   2- «қанағаттандырылмайды».

5.3. Мемлекеттік мекеменің педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша:

8-11 сынып оқушылары үшін сыныпқа көшіру емтихандарының жазғы және қысқы сессия формалары, төртінші сынып оқушылары  үшін оқу жетістіктерінің іріктелген мониторлық бағалау формасы кіргізіледі.

5.4. 5-8 (9) және 10 (11) сынып оқушыларын аралық аттесттатаудан өткізу үшін көшіру емтихандарының формасы және саны Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі бекіткен құқықтық-нормативтік актілерге сәйкес анықталады.

5.5. Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі бекіткен құқықтық-нормативтік актілерге сәйкес, мемлекеттік мекеменің негізгі орта және жалпы орта білім беру бағдарламасына  сәйкес түлек міндетті қорытынды аттестаттаудан өтеді. Аттестаттаудан жетістіктермен өткен түлектерге мемлекеттік мекеменің мөрімен белгіленіп бекітілген үлгідегі куәлік немесе аттестат беріледі, ал өтпегендерге курсты тыңдағандығы туралы анықтама беріледі.

5.6. Жалпы білім беру бағдарламасы негізінде негізгі  орта білімді ерекше білімімен жетістіктерге жеткен түлектерге құқықтық-нормативтік актілерге сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым Министрлігі бекіткен  негізгі орта білім туралы үздік аттестат,  жалпы орта білім беру орнын үздік бітіргендігі туралы аттестат немесе  жалпы орта білім беру оқу орнын үздік бітіргендігі туралы «Алтын белгі» аттестаты беріледі.

5.7. Педагогикалық кеңестің шешімі бойынша оқу жылының бағдарламасын жақсы игерген және көшіру немесе қорытынды емтихандарды жақсы тапсырған оқушылар келесі сыныптарға көшіріледі.

5.8. Оқу жылының қортындысы бойынша бір пәннен академиялық қарызы бар оқушы келесі сыныпқа көшіріледі. Келесі оқу жылында қарыз болмауы үшін жауапкершілік оқушының ата-анасына (заңды өкілі), сынып жетекшісіне және пән мұғаліміне жүктеледі.

5.9. Негізгі орта білім сатысында  оқу жылының екі немесе одан да көп пәндер бойынша оқу жылының бағдарламасын  игере алмаған оқушы ата-анасының (заңды өкілдері)келісімі бойынша қайтадан оқуға қайтарылады.

5.10. Жалпы білім беру бағдарламасының сатыларын игермеген оқушы жалпы білім берудің келесі сатысына жіберілмейді.

5.11. Мектепті жинақтау, топтарға бөліну ҚР білім және ғылым Министрлігінің нормативтік құжаттарымен анықталады және осы Жарғымен бекітіледі. 

5.12. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу оқу процессінде, сыныптан және мектептен тыс сабақтарда, қоғамдық-пайдалы еңбек барысында жүргізіледі. Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі формасы сабақ болып табылады.  

5.13. Сабақтардың саны мен реті сабақ кестесімен белгіленеді. 

5.14. Коммуналдық мемлекеттік мекеме педагогикалық кеңестің шешімі негізінде  оқушылардың аралық аттестаттау тәртібі мен мерзімін анықтайды. 

5.15. Бiлiм беру мекемесінің тәрбие бағдарламалары оқу процесiнiң

құрамдас бөлiгi болып табылады және бiлiм алушылардың, тәрбиеленушiлердiң патриоттық, азаматтық, интернационалдық, жоғары моральдық және имандылық сезiмiн қалыптастыруға, сондай-ақ жан-жақты қызығушылықтары мен қабiлеттерiн дамытуға бағытталған.

5.16. Балалардың жазғы уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында, бесінші жазғы еңбек тоқсаны төмендегідей жұмыс режімімен белгіленеді:

- 5- 6 сынып – 10 күн;

- 7,8,9 сыныптар – 15 күн;

- 10 сынып – 21 күн.

Оқушылар келесі сыныпқа бесінші еңбек тоқсаны аяқталғаннан кейін көшіріледі. Оқушылардың жазғы практикадан өту уақыты, жұмыс көлемі, мектептің Қамқоршылар кеңесімен келісіліп бекітіледі.

 

 

 

 

6. ОҚУШЫЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ, КӨШІРУ, ШЫҒАРУ ТӘРТІБІ

6.1. Коммуналдық мемлекеттік мекемеде мектеп жасына жеткен осы Жібек Жолы ауылында және  жақын ауылдық жерде тұратын барлық балалар оқытылады. Оқу тегін жүргізіледі.

6.2. Мектепке дейінгі сыныптарына 5 жасқа жеткен, 1 сыныптарға 6-7 жасқа жеткен  балалар қабылданады.

6.3. Мектепке қабылдау кезінде ата-аналар келесі құжаттарды ұсынады:

- ата-ананың өтініші;

- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

- баланың денсаулық паспорты (медициналық тексеруден өту);

- баланың фотосуреті (3х4, 2 дана).

6.4. Мектепке қабылдау кезінде мектеп басшылығы оқушы мен оның ата-анасын (немесе олардың орнындағы тұлғаларды) мектеп Жарғысымен және мектептегі  білім беру процессін белгілейтін басқа да құжаттармен таныстыруға міндеттенеді.

6.5.  Оқушыларды мектепке қабылдау мектеп директорының бұйрығымен бекітілген комиссия жүргізеді. Өз жұмысында комиссия мыналарды басшылыққа алады:

- баланың дене бітімінің жағдайы туралы дәрігер мен психологтың ұсынысы, теріс медициналық айғақтардың болмауы;

- ата-ана немесе заңды өкілдердің  өтініші, баланың туу туралы куәлігі, денсаулық жағдайы туралы  медициналық анықтамасы мен мектепке дейінгі мекемеден алған білімі туралы құжаттардың болуы.

6.6. Оқушының мектепке қабылдануы қабылдау комиссияның шешімі негізінде директордың бұйрығымен, сондай-ақ баланың даму жеке картасын, мектеп пен ата-аналар арасындағы өзара қарым-қатынас  шарт жасалумен ресімделеді.

6.7. Оқушыны мектептен шығару шарттары:

а) директордың бұйрығы  бойынша келесі жағдайларда:

- баланың денсаулығына байланысты оқу сабақтарының режімін жеңілдету немесе үйде оқытуды талап ететін медициналық   қорытынды;

- оқушының оқу бағдарламаларын академиялық үлгермеу;

б) педкеңес немесе мектеп кеңесінің шешімдері бойынша келесі жағдайлар:

- оқушымен құқыққа қайшы келетін әрекеттер жасау, басқа оқушылар және   қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру немесе зиян  келтіру мүмкіндігіне әкелетін әрекеттер жасау, мектеп Жарғысын бірнеше рет өрескел бұзу, сонымен бірге оқушылардың мүлігіне зиян келтіру.

6.8. Оқушыны мектептен шығару педкеңестің немесе мектеп келісім комиссиясының кеңесінің шешімі бойынша директордың бұйрығымен рәсімделіп, келісу үшін 3 күн  ішінде білім бөліміне хабарланады. 

6.9. Тәртіп ережелері, оқушыларды марапаттап көтермелеу және оларға жаза қолдану тәртібі  мектеп және Қамқоршылар кеңесімен келісілген директордың арнайы құқықты актілерімен анықталады. 

 

 

 

 

 

7.  МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫМЕН, ОҚУШЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ)

 ОЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ТІРКЕУ ТӘРТІБІ


7.1. Мектепте білім беру үрдісіне оқытушылар құрамы, оқушылар, ата-аналар (олардың міндетін орындайтын адамдар) болып табылады.
7.2. Азаматтардың құқықтарын сақтауы мен орта білім алуының жауапкершілігі  мектеп директорына жатады.

7.3. Оқушылар құқылы:

- білім деңгейіне сәйкес мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес білім алуға;

- ҚР Үкіметімен бекітілген тәртіпте оқулықтармен қамтамасыздануға,

кітапхана қорымен тегін пайдалануға;

- коммуналдық мемлекеттік мекеменің басқаруына қатысуға;

- оқудағы және шығармашылық әрекеттегі табыстары үшiн көтермелену

мен марапаттануға;

- қосымша білім алуға;

- еркін өз пікірін айтуға  және нанымына;
- өз адамдық қадірін құрметтеу;

7.4. Оқушылар міндетті:

- педагогикалық этика нормаларын сақтауға;

- оқушылардың және тәрбиеленушілердің қадір-қасиетін құрметтеуге;

- «Бала құқығы туралы Конвенцияда» жазылған құқықтармен сақталуға.

- салауатты өмір салтын ұстануға және оны оқушылар мен тәрбиеленушілер арасында насихаттауға;

- оқушылар мемлекеттiк жалпыға мiндеттi бiлiм беру стандарттарының талаптарына сәйкес бiлiмдi, шеберлiктi, практикалық дағдылар мен бiлiктiлiктi меңгеруге, iшкi тәртiп ережелерiн сақтауға, бiлiм беру ұйымының Жарғысында және бiлiм беру қызметтерiн көрсету туралы шартта көзделген басқа да талаптарды орындауға;
- өздерiнiң денсаулығы үшiн қам жемеуге, рухани және тән саулығын өздiгiнен жетiлдiруге ұмтылуға;

- сыртқы келбет талаптарын сақтауға: Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасы үшін қойылатын міндеттер мен талаптарды сақтап мектеп формасын киюге, бетін боямауға, әшекей бұйымдар тақпауға;.

- міндеттерді бұзған оқушыларға тәртіптік жаза шаралары қолданылу мүмкін.

Оқушының сыртқы түр-әлпет нормасы туралы шешім жыл сайын мектептің Қамқоршылық кеңесімен бекітіледі және міндет болып саналады.

Мектеп оқушыларына  тыйым салынады:
1) қаруды, алкогольді ішімдіктер, темекі өнімдері, есірткі және уытты заттарды қолдануға;
2) жарылыстар және өрттен әкелуі мүмкін кез келген құралдар мен заттарды пайдалануға;
3) басқа  тұлғаларды қорқыту және қорқытып нақтылау күш қолдануға;
4) оқушылар мен мектеп қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығына қауіп әкеп соғатын кез келген іс-әрекет жүзеге асыруға.
7.5. Оқушылар міндеттерін бұзғаны үшін тәртіптік шаралар қолданылуы мүмкін.
7.6. Ата-аналардың және өзге де заңды өкiлдердiң құқықтары мен міндеттері:  

Ата-аналар және өзге де заңды өкілдер құқылы:

 - мектептің ата-аналар Қамқоршылық кеңесімен коммуналдық мемлекеттік мекеменің жұмысына қатысуға;

- коммуналдық мемлекеттік мекемеден өз балаларының үлгерiмiне, мiнез-құлқына және оқу жағдайларына қатысты ақпарат алуға;
  -өз балаларын оқыту мен тәрбиелеу жөнiнде консультациялық көмек алуға.

 Ата-аналар және өзге де заңды өкілдер міндетті:

- балалардың құқығын қорғау туралы халықаралық Конвенцияны сақтауға;

-балаларға олардың өмiрi мен оқуы үшiн салауатты және қауiпсiз жағдайларды жасауға, балалардың ой-өрiсi мен дене күшiн дамытуға, олардың имандылық тұрғысынан қалыптасуын қамтамасыз етуге;

- балалардың мектепалды даярлығын қамтамасыз етуге;

- мемлекеттік мекемемен ынтымақтасу арқылы балаларды оқыту мен тәрбиелеу процессінде білім беру ұйымына жәрдем көрсетуге;

- «Білім туралы» Заңды, білім беруге бағытталған актілерді орындауға, балалардың сабаққа қатысуын қамтамасыз етуге және толығымен жауапты болуға;

-баласы ауырып қалғанда сынып жетекшісіне, медицина қызметкеріне баланың сабақтан қалатыны туралы мәлімет беруге;

- міндетті түрде сынып және жалпы мектеп бойынша ата-аналар жиналыстарына қатысып отыруға. 

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министірінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығымен бекітілген орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасы үшін қойылатын міндеттер мен талаптарды сақтап мектеп формасын киюге;
7.7. Мектеп қызметкерлерінің  жинақтау реті Басқарма ұйымының нормативті құжаттарымен белгіленеді.

7.8. Мектеп қызметкерлері мен директор арасындағы еңбек қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының еңбек заңымен реттеледі. Еңбек шарты талаптары еңбек заңына қайшылық болмауы тиіс.

7.9.  Білім туралы құжаттармен расталған мамандығы сипаттамаларын біліктілікті талаптарға сәйкес келетін тиісті кәсіптік білімі мен біліктілігі бар азаматтар мектептегі оқу-тәрбие қызметтін атқару   құқылы.

7.10. Мектепте қажетті мамандық мұғалімдері болмаған кезде тиісті кәсіптік педагогикалық мамандығы жоқ азаматтарға оқыту қызметпен айналысу құқығы беріледі;

7.11. Мемлекеттік мекеменің басшысы мен педагогтық қызметкерлерінің  құқықтары мен міндеттері:

- сот үкiмiмен педагогтык қызмет атқаруға тыйым салынған және медициналық қарсы көрсеткіштері себепті адамдарға мемлекеттік бiлiм беру ұйымында қызмет етуге тыйым салынады;

- жұмысқа рұқсат беретін санитарлық-медициналық кітапшасы жоқ жұмысшыларға білім беру жүйесінде жұмыс істеуге жол бермеу;

- ұжымдық және еңбек келісімшарттардың негізінде қызмет атқаруға;

- мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу жүйесі Қазақстан Республикасы заңнамаларымен бекітілген тәртіпте белгіленеді;

- мемлекеттік мекеме қызметкерлерінің еңбекақысы, лауазымдық ақысы  олардың біліктілігіне, қызметтік міндеттеріне сәйкес белгіленеді;

- апталық нормативтік оқу жүктемесі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес белгіленеді. 

7.12. Педагогтық қызметкерлер құқылы:

- кәсiби қызметiне арналған жағдаймен қамтамасыз етiлуге;

- тиiстi бiлiм беру деңгейiндегi мемлекеттiк жалпыға мiндеттi стандарт талаптары сақталған кезде педагогтык қызметтi ұйымдастырудың әдiстерi мен нысандарын еркiн таңдауға;

- ұзақтығы төрт айдан аспайтын, бес жылда кем дегенде бiр рет бiлiктiлiгiн арттыруға;

-ұзақтығы 56-күнтізбелік күнге ақылы демалыс алуға;

-ұстаздық шығармашылық еңбегі үшін материалдық және моральдық көтермеленуге;

-санатын арттыру мақсатында мерзiмiнен бұрын аттестатталуға.

7.13. Педагогтық қызметкерлер міндетті:

- еңбек тәртібі мен ішкі еңбек тәртібін сақтауға;

-мемлекеттік жалпы білім беру стандарттарының талаптарымен қарастырылған оқушылар мен тәрбиеленушілердің білім, біліктілік және дағдылар   алуларын қамтамасыз ету;

-оқушылар мен тәрбиеленушілердің жеке дара және шығармашылық қабілеттерін анықтап, дамуына жәрдемдесуге;

- өз біліктілігін арттырып отыруға.

8. МЕКТЕПТІ БАСҚАРУ

8.1. Мектептің басқару құрылымына құқық жүйесі, өзін-өзі басқару жүйесі және басқару жүйесіне негізделген демократиялық принциптер қаланады. 

8.2. Құрылтайшының айрықша құзыретіне мыналар жатады:

- мектептің ОТЖ ұйымдастыру, ғимарат, бөлмелер және оқу орнының  өзге де нысандарын жалға беру шарттарын бақылау. Мектепті басқару саласында Құрылтайшының құзыры ҚР «Білім туралы» Заңына, Жалпы білім беру туралы мектептің Үлгілі Ережесіне және осы Жарғыға қайшы келмеуге тиіс .

8.3. Мектеп басқару өзін-өзі басқару мен бірбастама принциптерінде құрылған.

Мектеп басқарудың жоғары органы Педагогикалық кеңес болып табылады, сондай-ақ басқару құрылымына мектеп Кеңесі, ата-аналар Кеңесі және мектептің еңбек ұжымының жалпы жиналысы кіреді.  Директор мектептің  тікелей басқаруын атқарады. Директор бірбастама негізінде әрекет етеді, мектептің бүкіл мәселесін шешеді:

- мектеп атынан әрекет жасап, оның мүдделерін барлық мемлекеттік және шетел ұйымдары мен органдарда білдіреді;

- келісімшарттар, оның ішінде еңбек шарттарын да жасайды, сенімхаттар береді, мектеп кадрларын іріктеу, жұмысқа қабылдау және орналастыру жұмыстарымен айналысады;

-  банкте есеп-шот ашады, Заң және Жарғымен белгіленген шекте мектептің қаржысы және мүлігімен басқаруға құқылы; 

- мектеп қызметкерлерімен және оқушыларымен орындалуға міндетті бұйрықтарды шығарады;

-  мектептің құрылымын, жұмыс және сабақ кестесін, штат кестесін бекітеді;

- мектеп қызметкерлері арасында, соның ішінде еңбек шартымен белгіленген міндеттемелерді анықтайды, лауазымдық нұсқаулықтарды бекітеді;

- оқу жүктемесін бөледі, нормативтерге сәйкес ставкалар мен лауазымдық ақыларды, еңбекақыға үстемақыларды  белгілейді;

- нормативтік кұжаттарда келісілгендей мектепке қызметкерлердің жұмысқа қабылдауын және жұмыстан босатуын жүзеге асырады, педагогикалық кеңес пен аттестаттау комиссиясының  жұмыстарына жетекшілік етеді. 

8.4. Мектеп қызметкерлерінің штаты Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Кодексі негізінде түрлі мезгілге жасалған еңбек шарттардың (контракт) негізінде жинақталады.

8.5. Мектептің оқу-тәрбие процесін дамыту мен жетілдіру мақсатында, мұғалімдердің кәсіби  шеберлігі мен шығармашылық өсуін арттыруға ықпал тигізетін, ұстаздарды біріктіретін Педагогикалық кеңес болып табылады. 

Директордың төрағалағымен Педагогикалық кеңес:

-білім беру мазмұнының түрлі варианттарын, түрлерін, оқу-тәрбие процессінің әдістерін таңдап,  оларды іске асыру жолдарын талдайды;

- педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру, әдістемелік оқу-тәрбие процесін жетілдіру, олардың шығармашылық бастамасын дамытуға бағытталған жұмыстарды  ұйымдастырады;

-педагог қызметкерлерінің біліктілігін көтеру бойынша жұмыстарды ұйымдастырады;

- аттестаттау Ережелеріне сәйкес педагог қызметкерлерінің аттестаттауын өткізеді;

-оқу жылында қорытынды аттестаттауды емтихан және сынақ түрінде өткізу туралы шешім қабылдайды;

- оқушыларды көшіру, емтиханға жіберу, оқушының қайта оқуы немесе оқуды басқа түрде жалғастыру туралы шешімдерді қабылдайды;

- жылдық күнтізбелік оқу жоспарын, кестесін талдайды.

Педкеңес қажет кезінде жылына кем дегенде 4-рет директормен

шақырылады.

Отырысқа қатысқан педагогтардың саны кем дегенде үштен екі бөлігі

болса және қатысушылардың жартысынан артығы дауыс берсе,  педкеңестің шешімі  құқылы деп саналады. Дауыс беру процедурасы мектептің педагогикалық Кеңесімен анықталады. Педкеңестің шешімі мектеп директорының бұйрығымен іске асырылады.

8.6. Мектептің кәсіподақ ұйымының жалпы жиналысы қажеттілік бойынша кем дегенде екі айда 1- рет шақырылады.  Мектептің кәсіподақ ұйымы мүшелерінің жиналысының құзырына мыналар жатады:

-директордың ұсынымы бойынша мектептің ішкі тәртіп ережелерін бекіту;

-ұжымдық келісімшартты жасау туралы шешім қабылдау, оны өзгерту және бекіту;

- келісімшартты орындау туралы кәсіподақ комитеті мен әкімшіліктің есептерін тыңдау;

- әлеуметтік мәселелер бойынша мектеп қызметкерлерінің мемлекеттік биліктегі жоғарғы органдарға ұжымның талаптарын ұсыну.

 

9. КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ МҮЛІГІН ҚҰРУ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТІН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТӘРТІБІ

9.1. Мектеп  өзінің қаржылық-шаруашылық қызметін ҚР Заңдары мен директор тарапынан өзге де заңды актілердің негізінде және өзін-өзі басқару  органдары  өкілеттігі шегінде мектептің Жарғысымен анықталған негізде жүзеге асырады.

9.2. Меншікке құқылы Құрылтайшының иелігіндегі меншік Құрылтайшымен мектепке бекітіледі. 

9.3. Мектеп Құрылтайшының келісімімен (оның өкілетті заңды тұлғасы) қолданылып жүрген заңнамалықтар негізінде мектептің материалдық базасын қолдана отырып мектепке  бекітілген және оқу процессіне қатысы жоқ мүлікті жалға беруге құқылы.

9.4. Алынған қаражаттар мектептің білім беру қызметін дамытуға және қамтамасыз етуге пайдаланылады.

9.5. Мектеп қызметін оның Құрылтайшысы мектептің шығыс баптарына сәйкес    қаржыландырады.

9.6. Мектеп ақша қаражаттары, мүлік және мектептің өзін-өзі басқару органдарымен, жеке және заңды тұлғалармен, қамқорлық Кеңеспен  оған тапсырылған қайырымдылық, мұра, сыйларға және басқа да меншік

нысандарына, сонымен бірге мектеп мүлігінен түскен табыстарға және оларға алынған меншік нысандарына ие болуға құқылы. Мектеп осы меншікпен пайдалануға құқылы және оны бөлек балансқа есептеп, жарғылық мақсаттарды шешу үшін пайдаланады.

Мектептің қаржыландыру көзі мен қаржыландыру ресурстарына

мыналар жатады:

- Құрылтайшының қаржылары;

- бюджет және бюджеттен тыс қаржылар;

- меншік иесі немесе өкілетті тұлғамен мектепке ұсынылған мүлік;

- оқушыларға қосымша көрсетілген ақылы қызметтер үшін ата- аналардан  (заңды өкілдерден) түсетін қаржы;

- жеке және заңды тұлғалардың еркін түрде берген демеушiлiк және қайырымдылық көмектері, қайырмалдықтары;

- банктік және басқа кредиттер;

- заңмен тыйым салынбаған басқа да көздер.

Мектепке қосымша қаржыларды тарту оның Құрылтайшысының

бюджетінен қаржыландыру нормативтерінің төмендеуіне әкелмейді. Бюджеттен тыс  қаражаттар ата-аналар кеңесінің бекіткен шешімі негізінде жаратылып жұмсалады. Бақылау атқарылған жұмыстардың акті негізінде қабылданып жүзеге асырылады.

9.7. Қолданылып жүрген заңнамалар шеңберінде анықталған шекте мектеп өз бетінше қаржы құралдарын басқарады, бірыңғай тарифтік сетка мен аттестаттау комиссиясының шешімі негізінде қызметкерлерге  ставка мен жалақы мөлшерін белгілейді, мектеп қызметкерлерінің еңбекақысын төлеуге бюджеттен берілетін үстемақының түрлері мен мөлшерін, қосымша ақы мен төлемдерін анықтайды.

- мектептің және бірлестіктің тәрбиелік және әлеуметтік білім беру мәселелерін шешу үшін, қоғамдық ұйымның мүлкі, қоры пайдаланылуы мүмкін.

9.8. Мектеп өзіне бекітілген және меншік құқығы ретінде иелігіндегі ғимаратты, құрылыстарды нормативтерге сәйкес белгілі дәрежедегі әр түрлі маңызы бар мүліктің ұстауын қамтамасыз етуге міндетті.

Мектептің материалдық-техникалық базасын жасау және дамыту мектеп өз күшімен  Құрылтайшы бекіткен шекте және өз қаржысы есебінен жүзеге асырады. Мекеме кәсіпкерлік қызметпен де айналыса алады. Кәсіпкерлік қызметтен түскен табыс коммуналдық мемлекеттік мекеменің Жарғылық мақсаттарына жұмсалады.

 

  10. КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІ ҚАЙТА ҚҰРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ

10.1. Коммуналдық Мемлекеттік мекемені қайта құру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 

 

 

 

«Бұлақсай орта мектебі»

Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің

  директоры                                                                            В.Э.Никулина

Жаңартылған күні: 23.01.2020 14:09
Құрылған күні: 23.01.2020 14:09

Текст